🚑
Қостанай жедел жәрдем қызметкерлері Home Credit Bank-тен жаңа форма алды
Қостанай қаласының жедел жәрдем қызметкерлері жалпы құны
28,5 млн теңге болатын
614 дана арнайы жылы униформаға ие болды.
✅ Жиынтыққа поло жейде, шалбар, флисті кофта, жеңі алынбалы күрте және бейсболка кіреді. Бұл форма мамандарға жыл бойы жұмыс барысында
ыңғайлылық пен қолайлылықты қамтамасыз етеді.
📌 Жоба
Home Credit Bank-тің Қазақстанда
20 жылдығына орай іске асырылып, пандемиядан кейін басталған
«Көмектесуге қуаныштымыз» бастамасының жалғасы болып табылады.
2 жыл ішінде жоба аясында Алматы мен Астананың жедел жәрдем станцияларына жалпы құны 187,5 млн теңгені құрайтын 8 000-нан астам форма жиынтығы тапсырылды.
Күн сайын аянбай еңбек етіп жүрген жедел жәрдем қызметкерлеріне алғыс айтамыз және еліміз азаматтарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар бастамаларды әрі қарай да қолдайтын боламыз ❤️
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram