Валюталық аударымдарға қатысты маңызды өзгерістер ‼️
2025 жылғы 17 наурыздан бастап Ресей және Беларусь елдерімен байланысты USD және EUR аударымдарына жаңа ережелер енгізіледі. Бұл өзгерістер халықаралық серіктестеріміздің жұмыс шарттарының өзгеруіне байланысты.
✅ Ішкі төлемдер мен басқа елдерге аударымдар өзгеріссіз қалады.
🚫 Алайда келесі жағдайларда USD/EUR аударымдары шектеледі:
• Егер жіберуші – РФ/РБ азаматы, бірақ ҚР-да тұруға ықтиярхаты (ВНЖ) немесе уақытша тұруға рұқсаты (РВП) жоқ болса
• Егер компанияның директоры немесе құрылтайшысы – РФ/РБ азаматы, бірақ ҚР-да ВНЖ немесе РВП болмаса
• Егер төлемнің соңғы алушысы РФ немесе РБ аумағында орналасқан болса
💡 Қосымша:
🔹 РФ-дан келіп түскен қаражатты USD немесе EUR валюталарына айырбастау мүмкін болмайды.
⚠️ Осы өзгерістерді алдын ала ескеріп, қаржылық операцияларыңызды жоспарлауды ұсынамыз.
🔥2
👍1
🏆1
1 2.2K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram