avatar
Қазақстан Бас прокуратурасы
@GenPr
17.04.2026 09:33
Қарағанды облысында мемлекеттік сатып алуға қатысушыларды жосықсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз беру кезінде орын алған заң бұзушылықтар анықталды

Қарағанды облысының прокуратурасы жеткізушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арыздарды беру кезінде мемлекеттік органдар тарапынан жүйелі бұзушылықтарды анықтады.

Азаматтық істерді қадағалау барысында сотқа тиісті талап-арыз бермеген немесе заңмен белгіленген бір айлық мерзімді бұзған бірнеше мемлекеттік органдар анықталды.

Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде 12 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды; барлығы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 207-бабы 10-2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға 843 375 теңге айыппұл салынды.

Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
 
Қарағанды облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1202734?lang=kk

@GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
1.1K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram