avatar
MFA Qazaqstan 🇰🇿
@pressmfakz
27.07.2026 14:18
​​🔹 Сыртқы істер министрінің орынбасары Словения Елшісін дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады

🔸 Заместитель министра иностранных дел принял Посла Словении в связи с завершением дипломатической миссии

🔹 Deputy Foreign Minister Receives Slovenian Ambassador upon the Completion of Diplomatic Mission

@PressMFAKZ
3 612
avatar
MFA Qazaqstan 🇰🇿
@pressmfakz
27.07.2026 11:52
✔️ Өз кезегінде, Пәкістан Елшісі Қазақстанда болған кезеңінде көрсетілген қолдау үшін алғысын білдіріп, Исламабадтың Астанамен сындарлы диалогты одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында Ермек Көшербаев Пәкістан Елшісіне екі мемлекет арасындағы жан-жақты байланыстарды нығайтуға қосқан жеке үлесін мойындау белгісі ретінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құрмет грамотасын табыстады.

✔️ В свою очередь, Посол Пакистана выразил признательность за поддержку, оказанную в период его пребывания в Казахстане, и заверил в готовности Исламабада наращивать конструктивный диалог с Астаной.

В завершении встречи Ермек Кошербаев вручил пакистанскому послу Почетную грамоту Министерства иностранных дел РК в знак признания его личного вклада в укрепление всесторонних связей между двумя государствами.

✔️ For his part, the Ambassador of Pakistan expressed his gratitude for the support extended to him during his tenure in Kazakhstan and reaffirmed Islamabad’s commitment to further strengthening constructive dialogue with Astana.

At the conclusion of the meeting, Minister Kosherbayev presented the Pakistani Ambassador with the Honorary Certificate of the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan in recognition of his personal contribution to strengthening the comprehensive ties between the two countries.

@PressMFAKZ
1 747
avatar
MFA Qazaqstan 🇰🇿
@pressmfakz
27.07.2026 11:48
​​🇰🇿🇵🇰 ҚР Сыртқы істер министрі дипломатиялық миссиясын аяқтайтын Пәкістан Елшісін қабылдады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Пәкістан Ислам Республикасының Елшісі Науман Башир Бхаттимен кездесу өткізді.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы екі ел арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалап, Астананың екіжақты диалогты одан әрі кеңейтуге ниетті екенін атап өтті.

Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ү.ж. ақпанда Пәкістанға жасаған сапарының қорытындыларының айрықша маңыздылығына назар аударды. Аталған сапар барысында Астана мен Исламабад арасындағы қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді.

🇰🇿🇵🇰 Министр иностранных дел РК принял завершающего свою миссию Посла Пакистана

Министр иностранных дел Республики Казахстан Ермек Кошербаев провел встречу с Послом Исламской Республики Пакистан Науманом Баширом Бхатти по случаю завершения его дипломатической миссии в нашей стране.

Глава внешнеполитического ведомства РК высоко оценил уровень взаимодействия двух стран, отметив стремление Астаны продолжать расширять двусторонний диалог.

Министр Кошербаев обратил внимание на особую значимость итогов визита Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаевав Пакистан в феврале т.г., в рамках которого отношения между Астаной и Исламабадом были выведены на уровень стратегического партнерства.

🇰🇿🇵🇰 Kazakhstan’s Foreign Minister Receives Pakistani Ambassador Concluding His Diplomatic Mission

Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan Yermek Kosherbayev met with the Ambassador of the Islamic Republic of Pakistan, Nauman Bashir Bhatti, on the occasion of the completion of his diplomatic mission in our country.

The Kazakh Foreign Minister highly commended the current level of cooperation between the two countries, emphasizing Astana’s commitment to further expanding bilateral dialogue.

Minister Kosherbayev highlighted the particular significance of the outcomes of the visit by the President of the Republic of Kazakhstan, Kassym-Jomart Tokayev, to Pakistan in February this year, during which relations between Astana and Islamabad were elevated to the level of strategic partnership.

@PressMFAKZ
4 633
avatar
MFA Qazaqstan 🇰🇿
@pressmfakz
27.07.2026 09:43
✔️ Өз кезегінде, омандық дипломат Қазақстанда жинаған тәжірибесін ерекше атап өтіп, достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты және көпжақты ынтымақтастық одан әрі дами беретініне сенімділігін жеткізді.

Елші М.Әл-Бахрани Астана мен Масқат арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың рөлін, сондай-ақ оның өңірлік жанжалдардың реттеудегі бітімгершілік бастамаларын ерекше атап өтті.

✔️ В свою очередь, оманский дипломат особо отметил приобретенный опыт в Казахстане, и выразил уверенность в дальнейшем развитии двустороннего и многостороннего сотрудничества между странами, основанного на дружбе и взаимопонимании.

Посол М. Аль-Бахрани отдельно подчеркнул роль Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева в развитии отношений между Астаной и Маскатом, а также его миротворческие инициативы по урегулированию региональных конфликтов.

✔️ The Omani diplomat highlighted the valuable experience gained in Kazakhstan and expressed confidence in further development of bilateral and multilateral cooperation based on friendship and mutual understanding.

Ambassador Al-Bahrani particularly emphasised the role of the President of the Republic of Kazakhstan Kassym-Jomart Tokayev in fostering relations between Astana and Muscat, as well as his peacekeeping initiatives in resolving regional conflicts.

@PressMFAKZ
704
avatar
MFA Qazaqstan 🇰🇿
@pressmfakz
27.07.2026 09:41
​​🇰🇿🇴🇲 Қазақстан CІМ басшысы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Оман Елшісін қабылдады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев еліміздегі дипломатиялық миссиясы аяқталуына байланысты Оман Сұлтандығының Елшісі Мұхаммед Әл-Бахраниді қабылдады.

Министр Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, өзара тиімді серіктестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін М. Әл-Бахраниге ризашылық білдірді.

🇰🇿🇴🇲 Глава МИД Казахстана принял Посла Омана по случаю завершения его дипломатической миссии

Министр иностранных дел Республики Казахстан  Ермек Кошербаев принял Посла Султаната Оман Мухаммеда Аль-Бахрани по случаю завершения его дипломатической миссии в нашей стране.

Министр высоко оценил уровень сотрудничества между Казахстаном и Оманом, а также выразил признательность М. Аль-Бахрани за его усилия по укреплению взаимовыгодного партнерства.

🇰🇿🇴🇲 Kazakh Foreign Minister Received the Omani Ambassador upon Completion of His Diplomatic Mission

Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan Yermek Kosherbayev received the Ambassador of the Sultanate of Oman Mohammed Al-Bahrani on occasion of the completion of his diplomatic mission.

The Minister highly commended the level of cooperation between Kazakhstan and Oman, expressing gratitude to Ambassador Al-Bahrani for his contribution to strengthening the mutually beneficial partnership.

@PressMFAKZ
2 638
avatar
MFA Qazaqstan 🇰🇿
@pressmfakz
27.07.2026 09:28
​​🔹 Сенегал Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру бастамасын қолдайды

🔸 Сенегал поддерживает инициативу Казахстана по созданию Международной организации по воде

🔹 Senegal Supports Kazakhstan's Initiative to Establish the International Water Organization

@PressMFAKZ
2 660
avatar
MFA Qazaqstan 🇰🇿
@pressmfakz
27.07.2026 09:16
​​​​​​🔹 Қазақстан мен Албания екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша одан арғы қадамдарды айқындады

🔸 Казахстан и Албания наметили дальнейшие шаги по развитию двустороннего сотрудничества

🔹 Kazakhstan and Albania Outlined Further Steps to Develop Bilateral Cooperation

@PressMFAKZ
3 752
avatar
MFA Qazaqstan 🇰🇿
Переслано от Aqorda 🇰🇿
25.07.2026 18:39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Омбыға сапары

****

Визит Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Омск

🎦 @aqorda_resmi
1 672
avatar
MFA Qazaqstan 🇰🇿
Переслано от Aqorda 🇰🇿
25.07.2026 18:39
XXII Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы

emojiРесей, Омбы қаласы

****

XXII Форум межрегионального сотрудничества Казахстана и России

emojiОмск, Россия
627
avatar
MFA Qazaqstan 🇰🇿
Переслано от Aqorda 🇰🇿
25.07.2026 18:39
Символичный подарок: Касым-Жомарт Токаев преподнес Владимиру Путину картину, на которой изображены Шокан Уалиханов и Федор Достоевский

@aqorda_resmi
1 492
avatar
MFA Qazaqstan 🇰🇿
Переслано от Aqorda 🇰🇿
25.07.2026 18:39
Символдық мәні бар сыйлық: Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге қос халықтың ұлы перзенттері Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский бейнеленген картинаны тарту етті

@aqorda_resmi
495
avatar
MFA Qazaqstan 🇰🇿
Переслано от Aqorda 🇰🇿
25.07.2026 15:39
Владимир Путин отметил активное взаимодействие двух стран на международной арене, в региональных организациях, в том числе в рамках председательства России в этом году в ОДКБ, а Казахстана – в ЕАЭС

emojiОбращаясь к Главе Казахстана, он напомнил, что народы двух стран связывают общие страницы истории.

– Знаю, что сегодня Вы уже посетили госпиталь. Для Вас Омск – это не рядовое место в России. Здесь после тяжелого ранения зимой 1945 года находился на излечении отец действующего Президента Касым-Жомарта Кемелевича. Это лишний раз подчеркивает, что мы придаем огромное значение памяти о Великой Отечественной войне и вкладе наших народов в Победу над нацизмом. Касым-Жомарт Кемелевич, мы очень рады Вас видеть! – сказал Президент России.


emojiВ ходе беседы собеседники главы государств обстоятельно обсудили перспективы дальнейшего укрепления торгово-экономических связей и реализации совместных проектов в сферах энергетики, транспорта и логистики, космоса, сельского хозяйства.

emojiТакже состоялся обмен мнениями по актуальным вопросам международной и региональной повестки дня.

@aqorda_resmi
3 544
avatar
MFA Qazaqstan 🇰🇿
Переслано от Aqorda 🇰🇿
25.07.2026 15:39
Владимир Путин екі ел халықаралық аренада және өңірлік ұйымдар аясында белсенді қарым-қатынасты жолға қойғанына назар аударды

emojiБиыл Ресей ҰҚШҰ-ға, ал Қазақстан – ЕАЭО-ға төрағалық етеді.

emojiСонымен қатар Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің тарихи тамырластығы туралы сөз қозғады.

– Бүгін госпитальге арнайы барғаныңызды білемін. Омбы Сіз үшін Ресейдің қатардағы қаласы емес. Бұл жерде Сіздің әкеңіз 1945 жылы қыста ауыр жарақаттан кейін ем-дом алған. Біз Ұлы Отан соғысы мен халқымыздың нацизмді жеңуге қосқан үлесін әрдайым есте сақтаймыз. Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізбен жүздескенімізге қуаныштымыз, – деді Ресей Президенті.


emojiӘңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту, соның ішінде энергетика, көлік-логистика, ғарыш, ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасын егжей-тегжейлі талқылады.

emojiБұдан бөлек, президенттер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

@aqorda_resmi
2 455
avatar
MFA Qazaqstan 🇰🇿
Переслано от Aqorda 🇰🇿
25.07.2026 15:39
Президент России, приветствуя Касым-Жомарта Токаева, подчеркнул, что Форум регионов вносит свой существенный вклад в развитие двустороннего сотрудничества

– Наши отношения развиваются успешно. Они действительно носят стратегический характер не на словах, а на деле. Об этом говорит и растущий уровень товарооборота. В прошлом году он составил почти 28 миллиардов долларов, а за первые 5 месяцев текущего года прибавил еще свыше 4%, по данным нашей статистики. Это хорошая динамика, говорящая о том, что у нас хорошие перспективы. Они определяются в том числе и инвестициями, а инвестиции сегодня создают условия и показатели на будущее. Здесь нам тоже, в принципе, есть чем похвастаться, потому что у нас 70 проектов, в которых участвуют российские предприятия, российский бизнес, общим объемом на 30 миллиардов долларов. В этом смысле Россия – крупнейший инвестор в казахстанскую экономику, причем по очень разным направлениям. Наши отношения хорошо диверсифицированы: это металлургическая промышленность, машиностроение, энергетика, фармацевтика и ряд других направлений, – подчеркнул Владимир Путин.


emojiОтдельно российский лидер остановился на укреплении культурно-гуманитарного взаимодействия.

– Очень важным является наше сотрудничество в области гуманитарных связей. Здесь, конечно, на первое место выходит образование. Тысячи казахстанцев учатся в российских вузах. Хочу отметить, что в Омске открыт филиал государственного университета Казахстана. И мы вам благодарны за то, что российским студентам предоставлено 100 государственных стипендий, они фактически обучаются на безвозмездной основе, – заявил Президент России.


@aqorda_resmi
1 405
avatar
MFA Qazaqstan 🇰🇿
Переслано от Aqorda 🇰🇿
25.07.2026 15:39
Ресей Президенті Омбыда Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүздескеніне қуанышты екенін жеткізіп, Өңіраралық форум екіжақты қарым-қатынастың дамуына елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті

– Елдеріміздің ынтымақтастығы табысты дамып келеді. Сөз жүзінде емес, іс жүзінде стратегиялық сипатқа ие болды. Оны ұдайы өсіп келе жатқан тауар айналымының деңгейінен аңғаруға болады. Өткен жылы екіжақты сауда-саттық шамамен 28 миллиард долларды құрады, ал биылғы бес айда, біздің статистикалық мәліметімізге сәйкес, тағы да 4 пайыздан аса өсті. Бұл қарқынды динамика келешегіміз жарқын екенін көрсетеді. Сонымен қатар оған инвестиция да ықпал етеді. Өйткені инвестиция алдағы күнге жағдай жасап, көрсеткіштерді айқындайды. Бұл ретте де ауыз толтырып айтарлық жетістіктеріміз аз емес. Себебі Ресей кәсіпорындарының, ресейлік бизнесмендердің қатысуымен жалпы инвестиция көлемі 30 миллиард доллар болатын 70 жоба іске асырылып жатыр. Ресей – Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы. Әріптестігіміз әртүрлі бағытта өрбіп келеді. Мәселен, металлургия өнеркәсібі, машина жасау, энергетика, фармацевтика секілді басқа да салалар қамтылған, – деді Владимир Путин.


emojiБұдан бөлек, Ресей Президенті мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты нығайту мәселесіне тоқталды.

– Гуманитарлық байланыстар саласындағы ықпалдастығымыз өте маңызды. Бұл орайда, әлбетте, білім саласы алдыңғы орынға шығады. Қазақстанның мыңдаған азаматы ресейлік жоғары оқу орындарында білім алып жүр. Омбыда Қазақстанның мемлекеттік университетінің филиалы ашылғанын атап өткім келеді. Ресейлік студенттерге 100 мемлекеттік стипендия ұсынылғаны үшін алғыс айтамыз. Олар ақысыз негізде білім алып жатыр, – деді Ресей басшысы.


@aqorda_resmi
1 382

MFA Qazaqstan 🇰🇿

8K
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтар каналы

Официальный новостной канал Министерства иностранных дел Казахстана

Official news channel of the Ministry of Foreign Affairs of Kazakhstan

+7 (7172) 72 06 33, 72 01 33, press@mfa.kz
Открыть в Telegram